Қытай АҚШ-пен қатынасын жақсартқысы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай АҚШ-пен қатынасын жақсартқысы келеді

28.10.2022

Қытай АҚШ-пен екі жаққа да пайдалы ынтымақтастық орнатқысы келеді. Мұндай мәлімдемені президент Си Цзиньпин америкалық әріптесі Джо Байденмен кездесуі мүмкін шақта жасап отыр. Сидің сөзінше, Қытай мен Құрама Штаттар әлемде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ең алдымен өзара коммуникация мен серіктестікті нығайтуы керек.

Бүгінде Вашингтон мен Бейжің бірнеше мәселе бойынша келісе алмай келеді. Сол проблемалар қатарында Қытайдың Тайваньдағы саясаты мен Ресеймен байланысы және Американың Қытайға технология сатуға тыйым салу әрекеттері бар. Дегенмен, сәрсенбі күні Байден мәлімдегендей, АҚШ Қытаймен жанжалдасуды қалап отырған жоқ.

Болжамдарға қарағанда, Си Цзиньпин мен Байден қарашада Индонезияның Бали аралында өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитінде жүздесуі ықтимал.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу