Әлемдік БАҚ Астанадағы саммит жайында жазуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік БАҚ Астанадағы саммит жайында жазуда

14.10.2022

Астанада өткен саммит пен келіссөздер жайында әлемнің ақпарат құралдарында көптеген материал жарияланды.

Солардың бірі Үндістанның «Экономик таймс» газетінде жарық көрді. Оның хабарлауынша, екі күндік жиында Делидің көршілерімен ғана емес, Пәкістанмен де қатынастарын жақсартқысы келетіні айтылған.

Елордада өткен саммит Израильдің маңдай алды басылымы «Джерусалим посттың» да назарынан тыс қалған жоқ. Оның тілшісінің сөзінше, Палестина лидері Махмұд Аббас Путинмен кездесе отырып, Таяу Шығыста екі мемлекет құру мәселесіне қолдау іздеді. Ал, Мәскеу бұл аймақтағы бітімгершілік процесінде АҚШ-тың орнын басқысы келеді.

«Рейтер» агенттігі болса, Ресей президентінің «Азия нағыз көп полярлы сипат алған әлемде негізгі рөл ойнайды» деген пікіріне арнайы тоқталған.

Түріктің «Дэйли сабах» газеті Астанада президент Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы қантөгісті ешқандай кедергіге қарамастан тоқтатқысы келетіні туралы мәлімдеме жасағанын хабарлады.

Ал, «АссоушиЭйтид пресс» агенттігінің дерегінше, Путин елордада өткен кездесуде Түркияны газ хабына айналдыру идеясын көтерді. Бірақ, бұл мәселеге қатысты ресми Анкара әзірге түсініктеме бермеген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу