Көкшетаудағы мектептерден оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды
Бүгін таңертен Көкшетаудағы мектептерден оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды. Себебі қаладағы барлық білім ошақтарында жарылғыш зат қойылған деген хабарлама түскен.
Ермек Елберген, тілші:
Бұл жалған хабарлама. Алдымен Полиция департаментіне Көкшетаудағы №3 «Дарын» мектеп-интернатында жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы ақпарат түскен. Кейін барлық мектептердің электронды пошталарына ғимаратта бомба бар деген хат келген. Сондықтан сағат 9 пен 10-ын аралығында оқушылар мен мұғалімдер, өзге де қызметкерлер толық эвакуцияланды. Ғимараттар тексерілді.
Еркін Мамбетов, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
Барлық мектептерде жарылыс техниктері мен кинологтар тексеріс жүргізді. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес 5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Ермек Елберген, тілші:
Қазіргі уақытта оқу қалыпты режимже жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері алаңдауға себеп жоқ дейді. Бұл биыл Көкшетауда тіркелген осындай төртінші жағдай. Бұған дейін қалалық және облыстық сот ғимараттарында, ақпараттық агенттікте, бір көпқабатты үйде жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат түскен еді. Бүгінгі жалған хабарламаны жіберген адамды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06