Президент сайлауы: Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауы: Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесті

27.10.2022

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігенен президентікке кандидат Нұрлан Әуесбаев бүгін Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесті. Бірінше қала маңындағы 1400-ден аса адам тұратын Жаңа қоныс тұрғын алабында болды. Оппозициялық партия өкілі жергілікті халыққа сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, пікір алмасты. Сондай-ақ, олардың қордаланған проблемаларын, атап айтқанда коммуналдық шағымдарын тыңдады. Көпшіліктің толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Одан кейін Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын «Батыс 2» шағын ауданында жалғастырды. Ондағы халықтың да алаңдатқан сұрақтарына жауап берді. Айта кетейік, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

Ақтөбе облысында және Ақтөбе қаласында көптеген тұрғындармен кездестік. Жалпы,бірнеше кездесулер болды. Оның ішінде 200-300 адаммен жолықтық, олардың мәселелерінің барлығын тыңдадық. Осы көптеген мәселелерді өзімізге түртіп алдық. Біз бүгін қайтадан Астана қаласына барамыз, сонда біраз кездесулер болады.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу