Еліміздегі тұңғыш зағип тележүргізушілер Қазақстанның рекордтар кітабына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі тұңғыш зағип тележүргізушілер Қазақстанның рекордтар кітабына енді

11.12.2018

Қазақстанның тұңғыш зағип тележүргізушілері Ермек Бакиев, Мадина Ермаханова еліміздің рекордтар кітабына енгізілді. «Ерекше жандар» бағдарламасы қаншама жанның жүрегіне үміт отын ұялатты. Бүгін журналистер Алматы студиясының қонағы болды.

 

Мадина Ермаханова:

Екі жыл бұрын «Отырар» телеарнасында «Ерекше жандар» бағдарламасы ашылған болатын. Ертең бізге екі жыл. Ерекше бағдарлама, ерекше жандар ретінде рекордтар кітабына жазылу біз үшін жақсы жаңалық. Бағдарлама тікелей эфирде өтеді. Облыстық бағдарлама болса да, республика бойынша кейіпкерлер келіп, қонақ болғандар бар.

 

Ермек Бакиев:

«Ерекше жандар» бағдарламасында зағип жандардың жетістіктері туралы айтылады. Екі жыл көлемінде 100-ге жуық бағдарлама жасалып, 200-ге жуық кейіпкерлер келді. Олар өз шығармашылығымен, өнерімен бөлісіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғады. Көптеген сұхбаттар өткізіліп, бағдарлама өз жалғасын табуда.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу