«Qazsport» арнасы Қазақстанның рекордтар кітабына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» арнасы Қазақстанның рекордтар кітабына енді

28.08.2017

«Qazsport» алғашқы мемлекеттік спорт телеарнасы ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Елде және жаһанда болып жатқан байрақты бәсекелерден тікелей хабар тарататын арнаға биыл төрт жыл толды. Қазақстан рекордтар кітабының Астанадағы өкілі Қуандық Құдайбергенов бүгін тиісті куәлікті телеарна директоры Павел Цыбулинге табыстады. Сондай-ақ, 58 секундта 7 медициналық резеңке жылытқыны үрлеп жарып, әлем рекордын жаңартқан Сергей Цырульниковқа да тиісті құжат берілді. Жалпы, жаңа маусымда «Qazsport» телеарнасы әлемдік додалардан тарататын тікелей эфирлерді көбейтіп, қызықты жобаларды қолға алмақ.  

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу