Қазақ жігіті әлемде теңдесі жоқ рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ жігіті әлемде теңдесі жоқ рекорд орнатты

20.03.2023

Қазақ жігіті әлемде теңдесі жоқ рекорд орнатты. Әскери қызметші Ми-17 ұшағын 15 метрге тартып, бұрын-соңды тіркелмеген нәтиже көрсетті. Оның бұл ерлігін еліміздің ғана емес, дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізуге негіз бар. Толығырақ тілші материалында.

Бұл полиция подполковнигі – Бауыржан Камалиев. Ішкі істер органдарында 15 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ауыр атлетикамен айналысқан. Кейін экстрим спортына көңілі ауып, тұрақты жаттығып жүр. Бүгінге дейін төрт рет Қазақстан рекордын жаңартқан. Айтуынша, жоғары нәтиже көрсету үшін әр түрлі спорттың тиімді тәсілдерін қолданады.

Бауыржан Камалиев, спортшы:

Мысалы күреспен айналысқанда тарту техникасы. Армрестлингтен алдым. Одан бокстан алдым бүкіл денемен жұмыс істейтін. Әр спорттан өзіме тиянақты-тиянақты жақсысын алып алдым да өзімнің рекорд орнатуыма көмегін тигізді.

Бүгін Бауыран Ми-17 әскери тікұшағын сүйреді. Оның салмағы 13 тоннадан асады. Мұндай жаттығуды бұрын-соңды ешқандай атлет орындай алмаған.

Қуандық Құдайбергенов, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі:

Пуш-пул әдісі арқылы 15 метрге тартып, жалғыз Қазақстан рекорды емес, сонымен бірге әлем рекордының көрсеткішін өзгертіп жіберді. Жалпы әлем деңгейінде басқа тікұшақтарды басқа салмақпен тартқан ададмар бар. Бірақ та бұл тікұшақты осындай салмақпен тартқан Камалиев Бауыржан бірінші болып тұр.

Спортшының ерлігін тамашалауға Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрі келді. Сонымен қатар күштік құрылымдарда істейтін қаруластары да Бауыржанға жанкүйерлік етті. Әскери қызметші болашақта тағы да рекорд орнатуды мақсат еткенін жеткізді.

Серік Селеубайұлы


Хабарламаларға жазылу