Елордада «Оқыту. Тәрбиелеу. Жақсы көру» деген атаумен XІІІ Халықаралық ғылыми конференция өтті. Мыңға жуық маман қатысқан жиында мектепге дейінгі және орта білім жүйесіндегі жаңалықтар, жасанды интеллект пен инклюзивті білім беру жайлы айтылды. Үздік мамандар жиналған алаңда - отандық педагогтар шетелдік ғалымдармен байланыс орнатып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, білім берудегі негізгі бастамалардың бірі - инновациялық технологиялардың жаңа тетіктерімен танысты. Елімізде 13-ші рет өткізілген халықарылық форумға Америка, Ұлыбритания, Жапония, Эстония, Корея сынды 15 елдің өкілі қатысты.
Мадина Нұрқасым, мұғалім:
Конференцияға келген басты мақсатым - осында инновациялық технология басрысын көріп, бақылап соны өзімнің сабағымда, оның ішінде жеке сыныбыма қолдану. Әлеуметтік желілер, яғни инновациялық технологияларды сабағыма кіріктіріп қызықты еткім келеді. Көбіне ойын түрінде жүргізілетін сабақтар қызық болып келеді. Қазір біз оқушыларға кітап оқыта алмаймыз, сондықтан да инновациялық технологияларды қолдану пайдалы.