Бизнес пен мемлекеттік органдар ЕАЭО аясындағы өзара саудада ТЖАР жүйесін қолдану тәртібін талқылады
1 маусымға дейін Ресейге тауар жеткізетін қазақстандық экспорттаушы компаниялар жаңа талаптарға бейімделуі тиіс. Ресей Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін жүкке арналған тауар жеткізілімін алдын ала растау жүйесін міндетті түрде енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа тәртіп бойынша жүк жөнелтушілер жеткізілім туралы мәліметті алдын ала тіркеп, арнайы құжат рәсімдеп, жүйеде тіркелгенін растайтын QR-код алуы қажет болады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында өткен кеңесте айтылды. Ресей тарапы бұл өзгеріс тауар айналымының ашықтығын арттырып, салық төлемдерін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді, дейді. Ал бизнес өкілдері жаңа талаптың логистика мен жеткізу қызметіне қатысты сауалдарын қойды. Федералдық кеден қызметі жаңа талаптарды кезең-кезеңімен және барынша жеңілдетілген тәртіпте енгізуді көздеп отыр. Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Ресейге экспорты 8 миллиард доллардан асқанын ескерсек, бұл өзгеріс сыртқы саудамен айналысатын кәсіпкерлердің басым бөлігіне тікелей әсер етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы