Мемлекетке 5 млн гектардан астам жер қайтарылды
Мемлекетке 5 млн гектардан астам жер мерзімінен бұрын қайтарылды. Бұл жайылым тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жер пайдаланушылар бұған дейін бос жатқан 1,8 млн гектар жерді игеруге кірісті. Кездесуде Президентке 9 айдың қорытындысы туралы есеп берілді. Министрдің айтуынша, еліміз тұтынуға қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрі бойынша толық қамтамасыз етілген. Кездесу соңында Мемлекет басшысы аграрлық секторды цифрландыру және субсидиялау механизмін жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында қазақы тазы тұқымы бойынша екі тұқымдық байқау өтті
27.05.2026, 14:39
Қос бірдей өнер ордасына «Ұлттық» мәртебе берілмек
27.05.2026, 13:28
Отандық IT қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты
27.05.2026, 13:25
Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді
27.05.2026, 13:24
Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ
27.05.2026, 13:23
Бизнес пен мемлекеттік органдар ЕАЭО аясындағы өзара саудада ТЖАР жүйесін қолдану тәртібін талқылады
27.05.2026, 13:22
Әрбір екінші қазақстандық мұқтаж жандарға көмектеседі
27.05.2026, 13:21
Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады
27.05.2026, 13:20