Басты Жаңалықтар Биыл Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы дипломатиялық байланысқа - 30 жыл

Биыл Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы дипломатиялық байланысқа - 30 жыл

Шығыс және Батыс Еуропаның мұрағаттарында сақталған құнды дүниелер қазақ тіліне аударылып, 7 томдық академиялық еңбек жарыққа шығады. Тарих үшін тағылымды туындының бір томын Шығыстану институты әзірлемек. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан мен Шығыс әлемінің бүгіні және алдағы даму бағытына арналған халықаралық конференцияда айтылды. Биыл Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы дипломатиялық байланысқа - 30 жыл.

Дүкен Мәсімханұлы, шығыстану институтының бас директоры:

Осы 30 жыл барысында Қазақстан өзінің төңірегіндегі көршілермен және Шығыс елдерімен барлық мәселелерді достықта ,диалог негізінде шешіп келді. Ал енді біздің конференциямыз осы қарым-қатынастың тарихына шолу жасап ,бүгін қандай проблемалар сақталып отыр,соны шешудің жолдарын қарастырып,болашақта Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы қарым-қатынастың ақаусыз дамуына ғылыми негіздер қарастыру.

Жазира Ораз

Бөлісу