Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды
Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды. Жалпы этномәдени бірлестіктердің 200-дей өкілі алғыс хаттарға ие болды. Олар өңірлердегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында көп жыл еңбек еткендер.
Сондай-ақ, бір топ белсенді азамат «Алғыс» пен «Жомарт жан» төс белгілеріне ие болды.Ал, елдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтап, этносаралық келісімді қамтамасыз етуге абыройлы қызмет еткені үшін Ассамблеяның алты мүшесі «Құрмет» орденімен марапатталды.
Георгий Иорданиди, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңес мүшесі:
Қоғамдық жұмыстармен айналысып жүргеніме 30 жылдан асты. Елімізде алғашқы грек қоғамы 1989 жылы құрылды, ал Ассамблея алты жылдан кейін пайда болды. Ассамблея құрылғанда оның басы-қасында біз жүрдік. Бұл институт қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға үлесін қосып, өз миссиясын іс жүзінде орындап жатыр. Әрине, бұл біздің еңбегіміз ғана емес. Бұл Қазақстанда қиын-қыстау кезеңде өмір сүрген аталар мен әкелеріміздің еңбегі.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00