Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу ертең аяқталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу ертең аяқталмақ

20.10.2022

Алдағы Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған 12 үміткердің алтауы ресми тіркелді. Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеуді ертең аяқтайды. Сонымен, бесінші үміткер – заңгер Нұрлан Әуесбаев.

Нұрлан Сатыбалдыұлы 1957 жылы Түркістан облысы Алғабас ауылында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Заңгер әрі экономист. Әр жылдары әкімдіктерде түрлі қызметтер атқарды. 2021 жылдан Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астанадағы филиалының төрағасы. Отбасы бар.

Ал Салтанат Тұрсынбекова - құқық қорғаушы. Қоғам белсендісі ұзақ жылдар бойы азаматтық құқық және әйелдер мен балаларды қорғау саласын зерттеген. «Астана» қоғамдық кеңесінің мүшесі. «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі – 22 жыл 10 ай.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу