Барлаушылар: Ресей әскері Херсоннан кетуге әзірленіп жатыр
Британ барлаушылары Ресей армиясының Херсоннан кету мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Мұндай қорытындыны олар Мәскеудің Украинадағы әскерінің қолбасшысы Сергей Суровикиннің сөзіне сүйеніп жасап отыр.Бірер күн бұрын ол Херсонда ресейліктер үшін шиеленіскен жағдайдың қалыптасқанын мойындап, қаладан бейбіт халықты көшіруді қолдаған.
«Рейтер» агенттігі болса, Украина жауынгерлерінің алға жылжып, Херсонға жақындап бара жатқанын хабарлады. Херсон – Ресей қарулы күштері басып алған жалғыз ғана облыс орталығы. «Ассоушиэйтид пресс» те украиналықтардың Днепр өзенінің батыс жағалауында қарсыластың сарбаздарын ығыстырғаны жайлы ақпарат таратып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30