Ердоған мен Путин газ хабын салуға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған мен Путин газ хабын салуға келісті

19.10.2022

Президент Режеп Тайип Ердоған Түркияда Ресей газын Еуропаға жеткізу үшін халықаралық газ хабы құрылатынын мәлімдеді.

«Еуропа алдағы қыста өзін қалай жылумен қамтамасыз ету мәселесімен айналысып жатыр. Бізде ондай проблема жоқ. Ресей президенті Владимир Путинмен елімізде газ орталығын салуға келістік. Осылайша, Еуропа Түркияда газға тапсырыс бере алады», - деді Ердоған. Ресейдің «Солтүстік ағын» құбырлары өткен айда зақымданды. Енді олардан өтпеген газ Түркияға жеткізіліп, хаб арқылы үшінші мемлекеттерге, бірінші кезекте Еуропа елдеріне таратылуы мүмкін.

Хаб құру мәселесін Ердоған мен Путин қазанның 13-де Астанада өткен келіссөздерде талқылады. Түркия лидерінің айтуынша, бұл нысанды қысқа мерзімде салу жоспарланып отыр. Жаңа орталық үшін ең қолайлы жер, Түркияның еуропалық бөлігіндегі Фракия аймағы болуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу