Ресей Херсонда жағдай қиын екенін мойындады
Украинаның Ресей басып алған Херсон облысынан тұрғындарға көшу туралы ескертілді. Украинадағы Ресей қарулы күштерінің командирі Сергей Суровкин жағдай өздері үшін қиындағанын растады. Өңірдің Мәскеу сайлаған басшысы Владимир Сальдо Украина әскері шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Жергілікті әскер АҚШ пен Батыс берген қарудың көмегімен қыркүйектен бері Ресей басып алған жерлерін қайтаруға кірісті. Херсон төңірегіндегі елдімекендер азат етілді. Тіптен Ресей әскеріне қоршауға түсіп қалу қаупі төніп тұр. Оның үстіне бұған дейін Украина армиясы Днепр өзеніндегі бірнеше көпірді істен шығарды. Осыған орай Ресей күштеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ пен басқа да жабдықты жеткізетін жол жабылды.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде Түркістан облысы көш басында
19.08.2026, 17:25
Қарағандыда ерекше алма бақ жайқалып тұр
19.08.2026, 17:22
«Таза Қазақстан»: 117 мың гектар аумақ тазартылды
19.08.2026, 17:20
Оралда «Экоquest» сайысы өтті
19.08.2026, 17:17
БҚО-да BalaQorgany AI жаңа цифрлық платформасы таныстырылды
19.08.2026, 17:15
Академия курсанттары киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді
19.08.2026, 17:13
Әділетті қоғамның негізі – азаматтық жауапкершілік
19.08.2026, 17:10
Ел жаңалықтарына шолу
19.08.2026, 17:07