«Қазақстанның азаматтық альянсы» қауымдастығы мен Астана ІТ университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның азаматтық альянсы» қауымдастығы мен Астана ІТ университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

19.10.2022

Енді ІТ саласында білім алатын жас мамандар цифрлық салаға қатысты жобаларды үкіметтік емес ұйымдар, ғалымдар, мемлекеттік органдармен бірлесе жүзеге асырмақ. «Қазақстанның азаматтық альянсы» қауымдастығы мен Астана ІТ университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында тараптар цифрлы саладағы бастамаларды бірлесе талқылап, іске асырмақ. Одан бөлек форум, семинарлар, конференциялар өткізеді.

Бұл ІТ саладағы өзекті проблемаларды бірлесе, шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ елдегі және әлемдегі цифрлы трансформация саласындағы жаңашылдықтарды пайдаға жарату мәсеелерін талқылайды. Ғылыми және талдамалық зерттеулер жүргізу жоспарланған. Азаматтық альянс қауымдастығына қарасты 3000 нан астам үкіметтік емес ұйым бар. Олар қоғамдағы кез келген саланы ілгерілетуде ІТ технологияның маңызы зор деген пікірде. Осылай қос тарап серіктестік байланысты нығайтпақ.

Раушан Сайлау 

Хабарламаларға жазылу