Қазақстан мен Қытай корпорациялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай корпорациялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

30.09.2014
Қазақстан мен Қытай корпорациялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қытай астанасы Бейжіңде «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу мен маркетинг»  АҚ және қытайлық «Цинхуа» корпорациясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта Қазақстанда көмірді кешенді өңдеу және отынның синтетикалық түрлерін шығару жобасын бірігіп  жүзеге асыру жайлы келісім жасалған. «Цинхуа» корпорацисы - көмірді өндіру, өңдеу, байытудан  Қытайдағы ең ірі жекеменшік мекеме. Онда 20 мынңнан астам жұмысшы қызмет етеді.   

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу