Америкада өткен дәстүрлі Түркі халықтарының фестивалінде «Гүлдер би» тобы өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкада өткен дәстүрлі Түркі халықтарының фестивалінде «Гүлдер би» тобы өнер көрсетті

18.10.2022

Ата толғау АҚШ төрінде. Америка астанасы Вашингтонда өткен дәстүрлі Түркі халықтарының фестиваліне Гүлдер би тобы өнер көрсетті. Мерекелік шарада сондай-ақ, Түрік, Өзбек және Әзербайжан халқының ұлттық билері таныстырылды.

Қазақ қыздарынан құралған би тобы Америкада бес жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Десе де әйгілі фестивальге алғаш рет қатысып отыр. Осы елдің заң шығарушы органы - Капитолидің жанында өткен би кешінде қыздар «Ата толғаудан» бөлек, «Жаркент бағы» ұйғыр биі мен «Мейрам» биін көрермен назарына ұсынды. Әрі қазақы дәстүрге сай шашу шашып, балаларды мәз мәйрам етті.

Айгүл Әлімхан, Қазақстан азаматы:

Біздің ұлттың киіміміз қандай әдемі. Қуаныштымыз. Арнайы отбасымызбен келіп отырмыз осы фестивалге.

Маша Крускал, АҚШ тұрғыны:

Біз қазір Капитолийдің маңындамыз.Сол жағымызда ұлттық мәдениет галереясы бар, бұл Вашингтонның орталығы. Биыл осы шараға Қазақстанда қатысыпты, бұған дейін қатысқаны есімде жоқ. Келешекте де осындай әдемі халықаралық фестивальде қуанта береді деп сенеміз.

Ал, қазақ белсенділері түркі халықтарының көрмесіне қатысып, ұлттық тағамдар мен тәттілерден бөлек, Абай жолы секілді ағылшын тіліне аударылған кітаптарды да көрмен назарына ұсынды.

Жалғас Сәдібек

Хабарламаларға жазылу