Мәскеуде ішінара мобилизация аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде ішінара мобилизация аяқталды

18.10.2022

Мәскеуде ішінара мобилизация аяқталды. Бұл туралы қала басшысы Сергей Собянин мәлімдеді.

Индира Бегайдар, тілші:

Мобилизациялау пункттері 17 қазан күні Мәскеу уақытымен сағат 14:00-де жабылды. Сондай-ақ тұрғылықты жері мен кәсіпорындарға жұмылдыру барысында жіберілген шақырулар өз күшін жойды. Ал әскерден жалтарғандарды іздестіру тоқтатылады. Жалпы Ресейдің 85 өңірінің 38-і ішінара мобилизациялау бойынша жоспарды толық орындағанын айтты.

Ресми билік екінші толқын болмайтынын мәлімдеді. Дегенмен елден кетіп жатқандардың саны әлі де азаяр емес. Тіпті шекарларда жылжымалы мобилизациялау пункттері орналастырылған. Сондай-ақ бірқатар өңірде мобилизациялауға жатпайтын, мүгедек, егде жастағы адамдарға да қате шақыру келген. Сондықтан, әскери комиссариаттардың жұмысын реформалау мәселесі көтеріліп жатыр.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу