Ренат Елубаевтың «Көңіл суреті» атты жеке көрмесі ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ренат Елубаевтың «Көңіл суреті» атты жеке көрмесі ашылмақ

21.04.2014
Ренат Елубаевтың «Көңіл суреті» атты жеке көрмесі ашылмақ

23 сәуір күні сағат 17:00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында суретші, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты Ренат Елубаевтың «Көңіл суреті» атты жеке көрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Көрме мұражайдың шығармашыл жастарды қолдауға арналған «Үкілі үміт» атты жобасының аясында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Көңіл суреті» көрмесінде автордың импрессионизм мәнерінде орындалған туындылары ұсынылмақ. Қылқалам шеберінің қаламынан 2013-2014 жылдары туындаған бұл еңбектер бейнелеу өнерінің барлық қыр-сырын қамтыған жас суретшінің өзіндік қолтаңбасын тануға мүмкіндік береді.  

Айта кетейік, «Көңіл суреті» көрмесі 23 мамырға дейін жалғасады. 
 

Хабарламаларға жазылу