Донбастағы екі қалада қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Донбастағы екі қалада қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр

17.10.2022

Украинаның шығысындағы екі қала - Соледар мен Бахмутта қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Президент Владимир Зеленский өз үндеуінде осылай деп мәлімдеді. Басты өнеркәсіптік қалалар - Лисичанск пен Северодонецкіні жаз айларында басып алғаннан кейін Ресей әскерінің ендігі көздегені - Бахмут. Бұған қоса, Ресейдің өткен аптада жойқын зымырандық шабуылынан кейін істен шыққан энергетикалық инфрақұрылым әлі қалпына келген жоқ. Осыған орай елдің бірнеше қаласы мен ауданы электр қуатын үнемдеуге мәжбүр. 

Ресей мен НАТО өз ядролық күштерінің жыл сайынғы жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр. Пентагонның мәліметінше, Ресей мұндай маневрларды айдың соңына дейін өткізеді. Шараға зымырандар, стратегиялық нысандар тартылады. Өз кезегінде НАТО-ның жоспарлы ядролық жаттығулары бүгін басталды. Оған 14 ел қатысады. Әскери ойындарға 60-тан аса ұшақ тартылған.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу