АҚШ Украинаға тағы әскери көмек береді
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға тағы 725 миллион долларға әскери көмек жөнелтетінін жариялады. Оның ішінде оқ-дәрі, танкілерге қарсы снарядтар мен зымырандар болады. Ал, президент Владимир Зеленский қарулы қақтығыста Ресейдің жеңіліске ұшырап, Украинаның бостандыққа қол жеткізетінін атап өтті. Мұны ол Киевте Қорғаныс күніне арналған мерекелік шарада мәлімдеді. Украина әскері қыркүйектің басынан бері мыңдаған шаршы шақырым жерді қайтарды. Ал, Ресей осы аптада бұл елдің энергетикалық нысандары мен көп пәтерлі үйлерін атқылап, ондаған адамды мерт қылды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30