Қазақ ғалымы әскери дрондар жасап, өнертабысына АҚШ патентін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ ғалымы әскери дрондар жасап, өнертабысына АҚШ патентін алды

14.10.2022

Қазақ ғалымы Америкада әскери дрондар шығаруы мүмкін бе? Қазақстандық өнертапқыш Ерлан Әлімхан бірнеше өнертабысына АҚШ-та патент алды. Инженер-механиктың айтуынша, өзі ойлап тапқан ұшқышсыз аппарат әр түрлі тапсырманы орындайтын әмбебап болмақ. Бұдан бөлек, конвертопланды жетілдіру бойынша да патент алған. Бұл аспанға тікұшақ секілді көтеріліп, ұшақ секілді жылжитын әуе кемесі. Ғалым оның қозғалтқыштарын басқаша орнатып, сол арқылы қауіпсіздігін күшейтпек. Тың идеясын ол бірнеше әскери құрылымдар мен қару-жарақ шығаратын кәсіпорындарға жолдаған. Қолдау болып жатса өндірістік сынақтарға кіріспек. Қазір отандасымыз Вашингтондағы Роквел ғылыми орталығында оқушыларға роботехника және инженерлік шешімдер жөнінде дәріс оқиды.

Ерлан Әлімхан, өнертапқыш:

Екі дрон енді, ол кішкене құпия тақырып. Бірақ ол көпмақсаттағы дрон. Ол неше түрлі тапсырманы шешеді. Енді түріктердің Байрактарына ұқсайды. Өзім патриотпын Қазақстанға керек болсам келемін. Сондай да нәрсені шығара аламын.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу