БҰҰ Бас хатшысы: Азия мен әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз етейік
Төтенше жағдайдағы қақтығыстардың геосаяси шиеленісі күшейген сайын сенім мен ынтымақтастық әлсірейді. Азия Кеңесінің 6-саммитінде қатысушыларға жолдаған бейнеүндеуінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш осылай деді. Климаттық дағдарыс барлық жерде жойқын. Коронавирус ықпалы да әлсіреген жоқ. Дағдарыс әлем халқының осал топтарын тығырыққа тіреді. Осы күрделі кезеңде аймақтардың күш біріктіруі бұрынғыдан да маңызды, - деді Бас хатшы. Антониу Гуттериш бейнеүндеуде әлем үшін жаңа күн тәртібін құруға шақырды.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:Кейінгі 30 жылда Азия кеңесі диалогтың маңызды тұғырнамасына айналды. Азияның бейбіт әрі өркендеген аймақ болуы бәріміз үшін ұтымды. Осы тұрғыда әріптестігіміз үшін, бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілету, көпжақты ынтымақтастықты нығайту, адам құқықтары мен тұрақты дамуды ілгерілету сияқты ортақ мақсаттарымыз үшін алғыс айтамын. Заман сынақтарын бірге жеңіп, Азия мен бүкіл әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз етейік.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Антиконтрафакт-2026»: Зияткерлік меншік заңмен қорғалады
28.05.2026, 13:12
ЕАЭО: Шекара ашылды – сауда еселенді
28.05.2026, 13:09
Абай облысы Ресеймен сауда-саттықты нығайтуда
28.05.2026, 13:06
Қостанай облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы артып келеді
28.05.2026, 13:03
Тәуелсіздік сарайында Ресей президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
28.05.2026, 13:00
Елордалық мектепте ауқымды фестиваль өтті
28.05.2026, 11:26
Петропавлда 400 -ге жуық жұмыс орны ашылады
28.05.2026, 10:18
Cargolux әуе компаниясы Астана әуежайымен ынтымақты қайта жандандырды
28.05.2026, 10:17