Cargolux әуе компаниясы Астана әуежайымен ынтымақты қайта жандандырды
Әлемдегі ең ірі жүк тасымалдаушылардың бірі Cargolux компаниясы Астана әуежайымен ынтымақты қайта жандандырды. Маусымның бірінен бастап әуе компаниясы ұшақтары Астана әуежайы арқылы ұшпақ. Бұл туралы компанияның бас директоры Ричард Форсон Люксембургта мәлімдеді. Жүк авиациясы саласындағы әлемдік көшбасшы Cargolux Азия, Америка, Африка, Еуропа, барлығы 90-нан астам бағытқа ұшады. «Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы Орта дәліздің, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы логистикалық және авиациялық хаб ретіндегі транзиттік маңыздылығын арттырды»,-дейді компания басшысы. Астана әуежайына қайта оралатынын қуана жариялаған Ричард Форсон болашақта елдің өзге де әуежайларымен ынтымақты арттыруға ниетті.
Ричард Форсон, «Cargolux» компаниясының бас директоры:
Бастапқыда Астана әуежайы біздің әуе кемелеріміз, Азиядан Еуропаға жүкпен оралатын рейстер үшін техникалық аялдама орны ретінде қызмет етеді. Бірақ, болашақта біз Астанада тек техникалық аялдама үшін ғана емес, коммерциялық аялдамаларды да жүзеге асырамыз деген үміттеміз. Себебі, Қазақстан Орта дәліздегі басты транзиттік хаб ретіндегі мәртебесін нығайту үшін инфрақұрылымға ауқымды инвестиция салып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы