Елімізде Қазақстан мен АҚШ азаматтарының 700 жуық бірлескен кәсіпорыны барын білеміз. Бірақ, Американың да нарығын бағындырып жатқан қазақ бизнесмендері аз емес.
Талағас Белесовтың күнделікті жұмысы осылай таңертең қарамағындағыларға кішігірім нұсқаулық беруден басталады. Қазір әр түрлі ұлттан құралған отыз адамды жұмыспен қамтып отыр. Ішінде тіпті соғыстан жан сауғалаған ресейліктер мен украиндар да бар. Логистикалық компания негізінен тұрғындардың үй мүлкін көшірумен айналысады. Демек, клиенттерге сапалы қызмет көрсету басты
мақсат. Сондықтан Талғат тапсырыс орындауға кеткен тобының жұмысын арнайы барып қадағалап жүреді.
Талғат Белесов, кәсіпкер:
Талғат Америкаға 10 жыл бұрын келген. Ағылшын тілін жетік білмесе де тәуекелге бел байлап, кәсіп ашады. Бастапқыда үш адаммен жұмысқа кіріскен компания қазіргі таңда логистика саласы бойынша Виржиния штатында алғашқы ондыққа кіреді. Бірнеше жыл қатарынан талапшыл америкалықтардың сенімінен шығып, көшін байсалды қылып жүр.
Джеймс Малони, жұмысшы:
Біздің бастық мықты. Қиындықтардан қорықпайды, оны еңсеру үшін бізді бір отбасы секілді жұмылдыра біледі. Менің онымен бірге істеп жүргеніме тоғыз жыл. Жалпы, Виржиния көшіп қону ісі тоқтамайтын штат. Себебі, жанымымда Пентагон бар. Ақ үй де алыс емес. Көп адам мемлекеттік қызметте істейді.
Десе де үй көшіру оңай іс емес. Көбіне ауыр жүктерді қолмен тасуға тура келеді. Сондықтан бұл қара жұмысқа көп адам шыдай бермейді. Америкалықтардың мұндай қызмет көрсететіндерге құрметпен қарайтыны да содан болса керек.
Талғат Белесов, кәсіпкер:
Америкалықтарды нағыз номадтар десе де болады. Ұдайы көшіп қонып жүреді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, 80 пайызға жуығы үй жалдап тұрады. Сондықтан үй көшіру ісі бір сәтке де тоқтамамақ емес.
Жалғас Сәдібекұлы
