Елімізде әуе билеттерінің баға мәселесі мен қызмет көрсету сапасы сын көтермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әуе билеттерінің баға мәселесі мен қызмет көрсету сапасы сын көтермейді

12.10.2022

Елімізде әуе билеттерінің баға мәселесі мен қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Рейстерді негізсіз кешіктіру сынды олқылықтар туризм саласының дамуына кедергі жасап тұр. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді. Транспорттық жүйе реттелмегендіктен туристер еліміздің барлық табиғи сұлулығына көз жеткізе алмайды. Сондықтан саяхатшылардан түсетін шағымның көбі әуе жолдарымен жүруге қатысты.

Еуропаны айтпағанда, Орталық Азия және өзге жекелеген мемлекеттермен байланыстыратын халықаралық туристік жүйені қалыптастыра алмадық, дейді депутат. Ал «Жібек жолы» бойындағы теміржол маршруттарының орнын көршілес Өзбекстан тиімді пайдаланып отыр дейді

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Автокөлікпен жүретін жолдардың жағдайы сын көтермейтіні туралы депутаттық сауалдардың санында есеп жоқ. Тіпті, Мемлекет басшының өзі бұл мәселені шешетін уақыт жетті деп Үкіметті сүйрелеп жүргенін білеміз. Бір ғана мысал, еліміз бойынша ең кемінде 4 мың шақырымнан асатын 166 бағыт бойынша автомобиль жолдарын жөндеу мен реконструкциялау қажеттілігі анықталуда.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Өзекті проблеманы көтеріп отыр, біз шынында да көптеген жылдар бойы селқос, жүйесіз жұмыстың арқасында көптеген позициямызды жоғалтып жатырмыз. Көрші мемлекеттер алып кетіп жатыр. Сондықтан мен қолдаймын.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу