Электрлі самокат жүргізушілеріне талап күшейтіледі
Елімізде электрлі самокаттарды пайдалану ережелері қатаңдатылады. Себебі өткен жылы Алматыда самокаттарға қатысты 386 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 400-ден астам адам зардап шеккен. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Енді жаңа талапқа сәйкес, жалға берілетін электрлі самокаттар міндетті түрде тіркеуден өтіп, сақтандырылуы тиіс. Кикшеринг компаниялары самокаттардың техникалық жағдайын бақылап, пайдаланушылардың жеке басын және жүргізуші куәлігінің бар-жоғын тексеруге міндеттеледі. Сонымен қатар әр самокатқа тіркеу нөмірі беріледі, әрі олар жаяу жүргінші жолдарымен жүруіне тыйым салынады. Тек веложолдармен, веложолақтармен, егер ондай инфрақұрылым болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен қозғала алады. Қараңғы уақытта жарық құралдарын қосу міндеттелмек.
Айдын Меркімбаев, қалалық ПД профилактика және үйлестіру жұмысының өкілі:
Қазіргі таңда самокаттар Алматы қаласының өзекті тасымалдаушы және ол дамып келеді. Оған шектеу қоя алмаймыз. Ең бастысы қауіпсіздікке тиесілі жол жүру ережесіне сәйкес бүкіл құжаттары болуы тиіс. Егер де жол куәлігі болмаған жағдайда 5 АЕК айыппұл салынады. Жүргізуші куәлігі бар-жоқтығы жалға беруші компанияларға жүктелген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы