Щучинсктегі жарылыс кезінде зардап шеккен 15 адам ауруханада жатыр
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Қоғамдық тамақтану орны 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, қызыл жалынды ауыздықтап, үйге таралуына жол бермеді. Алайда қатты жарылыстың салдарынан 27 адам зардап шекті, 7-уі қайтыс болды. Оның 5-і оқиға орнында қаза тапты, тағы 2-і түнде жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Дәмханада газ жарылған, жарылыс кезінде іште қанша адам болғаны әлі нақтыланбады. Ауруханаға барлығы 15 адам түскен. Өзге 6 адам амбулаторлық емделуге үйіне жіберілді. Қаза тапқан адамдар жайлы ресми мәлімет нақтыланып жатыр. Әлеуметтік желіде 1 жастағы нәресте қайтыс болды деген ақпарат тараған болатын. Құзырлы органдар бұл ақпаратты растамады.
Ауруханаға түскендер бойынша облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова ақпарат берді.
Алтынай Әміренова, облыс әкімінің орынбасары:
Щучинск қаласындағы стационарға күйік шалып, барлығы 13 адам түсті. Оның 6-уы Көкшетаудағы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Тағы екеуін орталыққа жеткізу жоспарланған. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Көкшетаудан дәрігерлер келді, қосымша анестезиолог-реаниматологтардың 3 бригадасы жетті. Ауруханада қажетті дәрі-дәрмектердің барлығы бар, жеткілікті. Науқастарға тиісті ем-дом көрсетіліп жатыр.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Әзірге Щучинскідегі ауруханада барлығы 7 адам жатыр. Оның 4-і жансақтау бөлімінде, 3-і травматология мен хирургия бөлімдерінде ем алуда.
Жаңа ғана келіп түскен ақпарат, қайтыс болған 7 адамның 5-еуі әйел, екеуі ер адам. Барлығы дәмхана қызметкерлері. Оның ішінде 16 жастағы жасөспірім бар. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан 8 7162 51 42 98 нөмірі бойынша жедел желі ашылды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07