Данил Мұсабаев Әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данил Мұсабаев Әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

12.10.2022

Қазақстанның батуттық гимнастика тарихында тұңғыш рет Данил Мұсабаев әлемдік рейтингте бірінші орынға ие болды. Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше Әзірбайжанда өткен әлем кубогында Данил 153 ұпай жинап, көш бастады. Екінші орында португалиялық Диого Абреу, үшінші орынды жапониялық Рюсей Нишиока иеленген.

Елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы - Сергей Вертянкин бұл отандық спорт үшін тарихи оқиға болды дейді.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу