Батутта секіруден әлем кубогында Қазақстан 2 алтын медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батутта секіруден әлем кубогында Қазақстан 2 алтын медаль жеңіп алды

20.02.2023

Баку қаласында өтіп жатқан батутта секіру бойынша әлем кубогында Қазақстан құрамасы 2 бірдей алтын медальды жеңіп алды. Жекелей сында Данил Мұсабаев үздік шықты. Ол 59 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан. Сонымен қатар Данил мен Пирмамад Алиев жұптық сында өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу