Нидерланд компаниялары Қазақстанға 400 миллион еуродан асатын инвестиция салмақ
Нидерланд компаниялары Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қаржы құймақ. Инвестицияның жалпы көлемі 400 миллион еуродан асады. Осы мақсатта екі тарап келісімге келді. Жалпы қол қойылған құжат саны – бесеу. Оның ішінде Павлодар облысында автоматтандырылған сүт фермасын ашу туралы меморандум да бар. Сонымен қатар денсаулық сақтау, ІТ саласында да бірлесіп жұмыс істеу көзделіп отыр.
Андре Карстенс, Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы елшісі:
Қазақстан экономикасы тек мұнай-газ секторына тәуелді болып отыра алмайды. Сондықтан экономиканы әртараптандыру керек. Ал Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы потенциалы өте жоғары. Жерінің кеңдігі, Еуразия материгіндегі орны агросекторды дамытуға тиімді. Қазірдің өзінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар барын білеміз. Ал Нидерланды корольдігі ауылшаруашылығы өте дамыған ел ретінде өз тәжірибесін бөлісуге дайын.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06