Қостанайда облыстық жастар спорт лигасының финалдық ойындары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда облыстық жастар спорт лигасының финалдық ойындары өтті

11.10.2022

Қостанайда облыстық жастар спорт лигасының финалдық ойындары өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – жастар ресурсы орталығы. Жарты жыл бойы бірнеше команда футбол, волейбол, баскетболдан өзара сайысып, үздіктерді анықтады. Бүгінгі финалдық ойынға 15 команда қатысты. Спортшылардың жасы 16 мен 29-дың арасында. Олар түрлі оқу орындарының студенттері және әр салада еңбек етіп жүрген мамандар. Ойындар халықаралық стандарттар негізінде өткізілді. Жалпы жүлде қоры 1 млн 800 мың теңге.

Әйгерім Сейілханова, Облыстық жастар ресурсы орталығының маманы:

Спорттық лиганың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дамыту. Барлық ойыншыларды осы спортқа жақындата түсу. Жүлде қоры бірінші орын 300 мың теңге, екінші орын 200 мың, үшінші орын 100 мың теңге.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу