Қостанайда студенттер арасында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда студенттер арасында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті

19.05.2022

Қостанайда студенттер арасында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті. Спорттық бәсекеге аудандар мен қалалардан келген 12 команда қатысты. Жеңімпаздар жарыс ережесіне сәйкес респуликалық додаға жолдама алып, облыстың намысын қорғайды. Бұл спорттық шара мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналып отыр. Мамандар соңғы жылдары тоғызқұмалақ ойыны өңірде ерекше қарқынмен дамып келе жатқанын айтады.

Дәулет Үмбетов бас төреші:

Қостанай облысында Тоғызқұмалақ федерациясы бар. Соның арқасында жарыстар өтіп тұрады. Мектептерде, спорт мектептерінде үйірмелер жұмыс істейді. Жастар арасында тоғызқұмалақ ойыны бойынша шеберлік деңгейі өсті.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу