Батыс Қазақстан облысында дала өрті жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында дала өрті жалғасып жатыр

11.07.2023

Батыс Қазақстан облысында бес аудандағы 30 аумақта орман, дала өрті толық сөндірілді. Әйтсе де, Сырым, Теректі, Бөрлі және Казталов аудандарындағы 8 жану оқиғасы әлі де бақылауда. Теректі ауданы Әйтиев, Новопавлов, Жаңа өмір ауылдарындағы қызыл жалын оқшауланып, жойылды. Елді мекендергі қауіп жоқ. Тілсіз жаумен күресу үшін Ақтөбе облысының құтқарушылары көмекке шықты. Ал Астанадан Қазавиақұтқару мекемесінің тікұшағы жіберілді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу