Басты Жаңалықтар Алматыдағы лицей-интернатқа ұстаз Шәмшә Беркімбаеваның есімі берілді

Алматыдағы лицей-интернатқа ұстаз Шәмшә Беркімбаеваның есімі берілді

Алматыдағы дарынды қыз балаларға арналған лицей-интернатқа белгілі қайраткер, ғұмырын ағартушылыққа арнаған білікті ұстаз Шәмшә Беркімбаеваның есімі берілді.

Ұлағатты ұстаз білім ордасының ірге тасының қалануына, қалыптасуына сүбелі үлес қосты. Шәмшә Көпбайқызы әр жылдары мектеп директоры, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, Білім министрінің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, Білім жəне ғылым министрі қызметінде абыроймен атқарды. Шəмшə Беркімбаева қазақ мектептерін дамытуға, ауылдан шыққан дарынды балаларды қолдауға, жас өрендердің білім алуына ерекше назар аударып, тынымсыз еңбек етті. Қоғам қайраткері тірі болса бүгін 80 жасқа толар еді.

Дархан Ермаханұлы, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті:

Білім саласында өзінің адал, ерен еңбегімен танымал кісі. Бұл тек қана 80 жылдық мерейтойына байланысты бастамасы деп ойлаймыз. Шәмшә апайымыздың адал еңбегін әр уақытта жадымызда сақтап, ол кісінің елімізге деген, қазақтың қызы қалай еңбек ету керек? Сол мақсатта сол кісінің еңбегін әрі қарай жалғастырады деген ниетпен жасап отырмыз.

Ажар Бақтыбай, Ш. Беркімбаева атындағы лицей - интернаттың оқушысы:

Аты берілгеніне қуаныштымын. Өйткені, апайымыз ғылым саласына көп еңбек сіңірген адам. Біздің осы мектепте оқып жатқан қыздарымыз да біздің апайымыз сияқты үлкен адам болады дегенге сенемін.

Қуан Нұрақын

Бөлісу