АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттері өзара байланыстарын ширата түспек. Осы орайда, С5+1 форматы аясында, яғни Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан, Түркіменстан және АҚШ үкіметінің бірлескен мәлімдеме жасады.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Хатшылық виртуалды болады. Бұл С5+1 форматының жұмысын ширату үшін жасалып отыр. Осы арқылы тараптар енді тұрақты кездесулер өткізіп, Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарға кедергі болып жатқан мәселерді дер кезінде шешіп, өзара уағдаластықтарын үйлестіруге мүмкіндік алады.
Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен Американың Мемлекеттік хатшысы Нью-Йоркте кездескен. АҚШ-тың үш бірдей президентіне Орталық Азия мен Еуразия жөнінде кеңесші болған Фредерик Старр С5+1 форматының бірлескен мәлімдемесі аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін жасалған қадам дейді.
Фредерик Старр, Вашингтондағы Орталық Азия институтының негізін салушы:
Бес елдің өзара байланысы тереңдеген сайын, тиімділігі де арта түседі. Экономикада ғана емес барлық салада қарым-қатынасты нығайта беру қажет. Бірлескен мәлімдемеде айтылған дүниелерді тезірек жүзеге асырған жөн. Ол үшін 1,5 ай бұрын Ыстықкөлде бес мемлекеттің басшысы қол қойған құжатты негізге алу керек.
Бірлескен мәлімдемеде Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау туралы да баса айтылған. Бұл орайда, БҰҰ қағидаттарын бұлжытпай орындау, оның ішінде даулы мәселелерді дипломатия жолымен шешу қажеті жазылған.
Сванте Корнелл, Орталық Азия және Кавказ институтының директоры:
Шын мәнінде қазір Қазақстан үшін де Орталық Азия үшін де аймақтың қауіпсіздігі үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл әрине өте нәзік тақырып. АҚШ пен Қазақстанның арасындағы байланыстың да негізгі мақсаты Қазақтанның мейлінше қауіпсіздігін нығайту. Солтүстік пен Оңтүстіктен келетін геосаяси сын-қатерлерге төтеп бере алатындай әлеуетін көтеру.
Сондай ақ, тараптар климаттың өзгеруіне қарсы тұру және жасыл технологияларды дамыту арқылы су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы ынтымақтастықты кеңейте түспек.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Жалпы С5+1 форматы осыдан жеті жыл бұрын құрылған еді. Алайда, оның өңір үшін өзектілігі қазіргі гео саяси жағдай ушыққан уақытта арта түсті. Сондықтан сарапшылар сыртқы істер министрлерің бұл жолғы кездесуі шын мәнінде Орталық азия елдері мен АҚШ арасындағы ынтымақтастыққа нақты серпін береріне сенімді
Жалғас Сәдібекұлы