Біз тек Президентті ғана емес, тұрақтылық пен жарқын болашақты таңдаймыз: қоғам өкілдері
Біз тек Президентті ғана емес, тұрақтылық пен жарқын болашақты таңдаймыз. Алдағы саяси науқанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдап отырған халықтық коалиция өкілдері осылай деп отыр. Бұл таңдау – елдің дамуына тың серпін береді және қоғамда демократиялық үрдістің қалыптасуына оң ықпал етеді. Ал келешек бірлік пен келісімді нығайтудың жаңа кезеңіне айналады, дейді қоғам өкілдері.
Олжас Сүлейменов «Qazaqstan Team» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің жетекшісі:
Біздің де ұйым «QAZAQSTAN TEAM» Қасым-Жомарт Кемелұлын ұсынған болатын. Қазір басқа ұйымдармен бірге жұмыс істеп, еліміздің дамуына, қазіргі реформалардың жүзеге асуына бәріміз бірге атсалысып, бір үйдің баласындай жұмыс істейміз деп үміттенемін.
Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы:
Қазақстан спортшылары алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға дайын. Бұл бағытта бірлесе жұмыс істейміз. Күшіміз бірлікте. Жеке басым елімізде оң өзгерістер болып жатқанын көріп отырмын. Спортшылар да бұл пікіріммен келіседі деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен Ресей ортақ өндірісті жолға қоймақ
28.05.2026, 20:55
Еуразиялық логистикалық хаб құрылысы басталды
28.05.2026, 20:48
Иранда бұғатталған интернет қайта қосылып жатыр
28.05.2026, 20:46
Мұғалімді артық жүктемеден босататын заң мақұлданды
28.05.2026, 20:44
Жас отбасыларға арналған мемлекеттік бағдарламалар көбейеді
28.05.2026, 20:42
Экологиялық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды
28.05.2026, 20:41
Соңғы 5 жылда Транскаспий көлік бағытындағы жүк тасымалы 6 есе артқан
28.05.2026, 20:11
ЕАЭО ЖИ мен цифрлық технологияларды енгізуді көздейді
28.05.2026, 20:09