Академизм мен ұлттық өнерді тоғыстыра білген суретші
Талант мерейтойына орай бүгін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқу ордасы ұстаздары мен студенттерінің көрмесі ашылды.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары жарқ етіп танылған талант, қазақ бейнелеу өнеріне өзіндік өнерімен енген қылқалам шебері туралы деректі фильм көрсетіліп, шығармашылығы сөз болды.
Өнертанушылардың айтуынша, Нұрмұхаммедов жан-жақты, тақырып талғамайтын, әр картинасын келісті шығаруға жан-тәнін салатын суретші. Ресейдегі Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын тамамдаған ол, академизм мен ұлттық өнерді тоғыстыра білді.
Әсіресе, портрет пен пейзаж, тың, Теміртау магниткасы тақырыптарын көптеп жазып, адам бейнесі арқылы сол тұстағы оқиғаларды шынайы бейнелей білді.
Жазира ИСАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
20 отбасына тегін баспана берілді
14.03.2026, 20:57
Биыл елімізде 90 жаңа мектеп бой көтермек
14.03.2026, 20:53
Ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болады
14.03.2026, 20:51
Орталық Азиядағы шетелдік инвестицияның 68%-ы Қазақстанға тиесілі
14.03.2026, 20:50
ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесті
14.03.2026, 20:48
ІІМ: Жалған ақпарат таратқандар жазаланады
14.03.2026, 20:47
Бүгін - тыныштық күні
14.03.2026, 20:46
Қазақ тазысының көрмесі әрі тұқымдық байқауы өтті
14.03.2026, 20:13