Басты Жаңалықтар 20 отбасына тегін баспана берілді

20 отбасына тегін баспана берілді

Бүгінгі «Амал» меркесіне орай өскемендік 20 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлер көпбалалы отбыслар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне берілді. Ал соңғы екі жылда шығыста мыңға жуық отбасы мемлекеттен тегін үйге ие болды.

Бүгін баспаналы болған отбасылардың барлығы да соңғы бірнеше жылда кезекте тұрған отбасылар. Ал пәтерлер мемлектетік тұрғын үй қоры есбенінен берілді. Еркебұлан мен Жансая дәрігер. Жас отбасы медициналық жоғарғы оқу орнын бітірген соң Өскеменге жолдамамен келіп жұмысқа тұрды.

Еркебұлан Зәуренбеков, дәрігер-анестезиолог:

2019-жылы «Ана мен бала» орталығына жұмысқа орналастық. Содан бері 1 бөлмелі қызметтік пәтерде тұрып жатырмыз. «Амал» мерекесінде үш бөлмелі пәтердің кілтін алып жатырмыз. Өте қуаныштымыз.

Соңғы 5 жылда шығыста тұрғын үй құрылысы қатты қарқын алды. Былтыр 407 мыңнан аса шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал биыл 410 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Өңірлік «бір қабатты шығыс» бағдарламасы бойынша былтыр 351 пәтер салынып пайдалануға берілді.

Нұрымбет Сақтағанов,облыс әкімі:

Елімізде соңғы жылдары қарқынды реформалардың нәтижелерін көріп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бастаған реформалар бірінші кезекте халықтың әл ауқатын көтеру. Бүгін біз 20 пәтер берсек, жақын күндері тағы да 132 өскемендік жаңа пәтер иегері болады.

Былтыр тек Өскеменде әлеуеті әлжуаз отбасыларға 198 пәтер берілді. Ал биыл 152 пәтер беру жоспарланып отыр.

Бөлісу