Ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болады
Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ. Енді кең таралған пайдалы қазбалар өндірісіне, жерасты сулары мен емдік балшықтарды пайдалануға салынатын салық ауыл бюджетіне түседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі Мәслихат депуттары бас қосқан жиында айтқан болатын. Жалпы, біздегі елді мекендердің орташа бюджеті 190 миллион теңге шамасында. Президент бұны едәуір жақсы көрсеткіш деп бағалады. Сондай-ақ Үкімет заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығының бір бөлігін төртінші деңгейдегі бюджеттерге беру мәселесін де пысықтап жатыр. Ауыл әкімдері мұндай бастама жергілікті мәселелерді тез әрі оңтайлы шешуге жол ашады дейді.
Алтынбек Нұртаев, Ауылдық округтің әкімі:
Бұл шешім ауыл үшін өте маңызды. Егер жеке кәсіпкерлер төлейтін мүлік салығының бір бөлігі ауыл бюджетіне түссе, біздің ауылдағы бюджетіміз өседі. Яғни ауылдағы нақты мәселелерді шешуге бағыттауға қаражат көбейеді. Ауылда басты мәселел - ол жол, көше жарығы, абаттандыру. Бұл мәселелерді бірден жылдам шешуге мүмкіндік туатын еді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06