Орталық Азиядағы шетелдік инвестицияның 68%-ы Қазақстанға тиесілі
Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялның шамамен 68 пайызы Қазақстанға тиесілі. Бұл дерек United Nations Conference on Trade and Development ұйымының есебінде көрсетілген. 2024 жылы ел экономикасындағы жинақталған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 151,3 млрд доллардан асты. Ал Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 291,5 млрд долларға жуықтады. Яғни шетелдік капиталдың экономикадағы үлесі шамамен 52 пайызға тең. Аймақтағы басқа мемлекеттермен салыстырғанда айырмашылық айқын байқалады. Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан экономикасындағы шетелдік инвестиция жалпы алғанда шамамен 70 млрд доллар ғана. Бұл төрт елге құйылған қаржы Қазақстанға тартылған инвестиция көлемінен екі еседен де аз. Қазақстанға тартылған шетелдік капитал тәуелсіздік жылдары тұрақты түрде артып келеді. Мәселен, 2000 жылы инвестиция көлемі 10 млрд доллар шамасында болса, 2010 жылы 63 млрд долларға жетіп, ал соңғы жылдары 150 млрд доллардан асып отыр. Сарапшылар мұны экономиканың ауқымы, ішкі нарықтың кеңдігі және инвестициялық саясаттың тұрақтылығымен байланыстырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы