«Ембімұнайгаз» компаниясының құрылғанына – 100 жыл
Тарихы терең «Ембімұнайгаз» компаниясының құрылғанына – биыл 100жыл. Мұнай өнеркәсібінің негізін қалаушы кәсіпорын өткен ғасырдың 20 жылдары Доссор және Мақат кен орындарын игеруден бастау алады. Содан бері компания 190 млн тоннаға жуық мұнай өндірді.
«Ембімұнайгаз» компаниясының балансында қазір 46 кен орны бар. Олардың 32-сі игерілген. Биыл соңғы 7 айда 1,5 млн тонна мұнай өндірілсе, былтыр бұл көрсеткіш 2,5 млн тоннадан асқан.
Соңғы 100 жылда атқарылған жұмыстардың есебін берген өндірістің өкілдері қазір кәсіпорын 5000-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отырғанын айтады.
Есен Қайыржан, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры:
Қор 80 млн дейтін болсақ, бірақ уақытқа бізде әлі мұнай қоры бар. Одан басқа 2-3 жаңадан кен орындарын іске қосуға жұмыс жасап жатырмыз. Жақын арада біздің жұмысшылардың немесе тұрғындардың мазасызданатындай себебі жоқ.
Компания еліміздің дамуы мен қайырымдылық шараларға белсенді атсалысып келеді. Мәселен кәсіпорын соңғы 10 жылда Атырау облысының экономикасына 6 млрд, әлеуметтік салаға 4 млрд теңгеге жуық қаржылай көмек көрсеткен.
Рысты Тасмағамбетова, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының орынбасары:
Бес әлеуметтік нысан салып жатырмыз. Доссор кентінде, Мақат кентінде, Аққыстау және Мұқыр кентінде. Сонымен қатар Құлсары қаласында. Мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық орталық салынып жатыр. Сол нысандардың бәрі 1 млрд 366 млн теңгені құрайды. Жылдың аяғына дейін іске қосылады деп үміттеніп отырмыз.
«Ембімұнайгаз» 2012 жылдан бастап 2021 жылға дейін Ұлттық қорға, республикалық және жергілікті бюджетке 1 трлн 300 млрд теңгеден аса қомақты қаржы аударды. Ал биыл 150 млрд теңгеден астам салық төлеуді жоспарлап отыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?
17.08.2026, 18:15
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2027 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жариялайды
17.08.2026, 17:53
А.Ерекешева әлемдегі үздік 5 спортшының қатарына енді
17.08.2026, 17:51
ДСМ: Мектеп оқушысы ұйқы режимін сақтауы керек
17.08.2026, 17:41
Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді
17.08.2026, 17:36
Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтті
17.08.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
17.08.2026, 17:27
Түркістан облысында 20 мың тоннадан аса сүт өндірілген
17.08.2026, 17:25