Ұлытаудан жаяу шыққан 72 жастағы жиһанкез Ақтауға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытаудан жаяу шыққан 72 жастағы жиһанкез Ақтауға келді

30.09.2022

Ұлытаудан жаяу шыққан 72 жастағы жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев Ақтауға келді. Қарияның сапары осы шахарда өз мәресіне жетті.

Маңғыстаулықтар жиһанкез ақсақалды құрметпен қарсы алып, ұлттық тағамдар ұсынды. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының тумасы Сәрсенбай ата темір ұстасы болып еңбек еткен. Мұндай сапарға шығуды 6 жыл армандапты. Сәті биыл түсті дейді. Қария қолдан жасалған арбасын сүйреп 6 ай бұрын жолға шыққан. Маңғыстау өңіріне жеткенше, 8,5 мың шақырым жаяу жүріпті. Осы уақыт ішінде 5 жұп аяқ киімді тоздырған. Еліміздің 21 қаласында болып, жергілікті тұрғындармен кездескен. Енді ол туған өлкесіне ұшақпен қайтады.

Сәрсенбай Қотырашев, жиһанкез:
Ұлытау өңірінің қазақ тарихында алатын орнын елге насихаттау. Қолөнер шеберлерін түгендеп, ЮНЕСКО-ға өткізу. Ұмыт болған қазақтың ұттық мейрамы «Қымыз мейрамын» елге насихаттап түсіндіру. Облыстық телевидениесінде, радиосында, журналистерге түсіндіріп, қонған жерімде насихаттап отырдым.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу