Ақтауға Дания корольдігінің өкілдері келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауға Дания корольдігінің өкілдері келді

09.06.2014
 
Ақтауға Дания корольдігінің өкілдері келді
Ақтауға Дания корольдігінің өкілдері келді. Сапар мақсаты - мұнай-газ саласы бойынша инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибемен бөлісу.
 
Даниялықтар экономикасы мен өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан Маңғыстау өңірімен іскерлік қарым-қатынасты нығайтуда ресми түрде алғашқы қадамын жасап отыр.
 
Айта кету керек, даниялықтардың мұнай-газ өндірісі бойынша инновациялық жобаларды пайдалану тәжірибесі Ресей мен Норвегияда жоғары бағаланған.
 
Жалпы, Қазақстан мен Дания арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 294 мың АҚШ долларын құраған. Алда бұл көрсеткішті еселей түсу жоспарланып отыр.
 
Питер Мюгинд, Дания корольдігі елшілігі сауда-экономикалық бөлімінің басшысы, министр-кеңесшісі:
Біз қазақстандық мұнай компанияларының жұмысымен таныспақпыз. Жалпы, мұнай-газ өндіруде біз үш бағыт бойынша жұмыс істейміз. Біріншісі - өнімнің тиімділігін арттыратын инновацияларды пайдалану және ең бастысы, экологиялық тазалықты сақтауды басты бағытқа алып отырмыз. Себебі, өнеркәсіпте, өндірісте қандайда бір жобаны жүзеге асырмас бұрын, тазалықты, экологиялық қауіптің алдын алуды ойлауымыз керек.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу