Таразда базар өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда базар өртенді

30.09.2022

Бүгін таңертең Тараз қаласында өрт шықты. Қызыл жалын қаладағы ірі базарлардың бірін шарпыған. Тілсіз жау  Мәмбет батыр көшесіндегі «Береке» базарының асханасы мен сауда дүңгіршегінен басталған. Таңғы сағат 7-ден аса күшейген өрт, қою қара түтінге ұласты. Жалынды сөндіруге 56 төтенше жағдай қызметкері мен 13 техника жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша өрттен 22 сауда орыны күлге айналған. Қызыл жалын жалпы алғанда 600 шаршы метірдей аумаққа жайылған. Төтеншеліктер бір сағаттың ішінде тілсіз жауды сөндіріп үлгерді. Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазір арнайы мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Хабарламаларға жазылу