Азық-түлік арзан бағада сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік арзан бағада сатылды

12.11.2019

Таразда арзан бағадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Аймақтың он ауданы мен тұрақтандыру қорынан құны 89,9 млн теңге болатын 314 тонна өнім қойылған. Оның ішінде 20 тонна ет, 6 тонна шұжық пен 8 тонна сүт өнімдері саудаланды.

Енді апта сайын орталық алаңда өтетін жәрмеңке аймақтың тауар өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндағы тауарлар күнделікті базар бағасынан 20-30 процентке дейін төмен.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу