Таразда құрылыс материалдары дүкені өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда құрылыс материалдары дүкені өртенді

12.01.2021

Таразда құрылыс заттары дүкені өртеніп кетті. Тілсіз жау 200 шаршы метр жерді шарпыған.

Оғиға түнгі сағат 00:00 шамасында болған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Ташкент көшесіндегі екі қабатты ғимаратқа жедел жеткен төтенше жағдайлар қызметі өртті 40 минутта өшіріп үлгерген. Оқыс оқиға орнына 50 қызметкер мен 10 арнайы техника жұмылдырылып, екі сағатқа жуық уақытта толық сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі анықталуда.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу