Басты Жаңалықтар Лондонда Ресейден келген азаматтарға қол ұшын созған қазақстандықтарға ризашылық білдірді

Лондонда Ресейден келген азаматтарға қол ұшын созған қазақстандықтарға ризашылық білдірді

Ресейден келген азаматтарға қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс айту акциясы Лондонда өтті.

Оны Ресей демократиялық қауымдастығы ұйымдастырған. Белсенділер Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі алдына жиналды. Гүл шоқтарын қойып, «рақмет» деп жазылған плакаттар қалдырды. Олар қазақстандықтарға қонақжайлығы мен жомарттығы үшін алғыс білдірді. Мұндай шара Финляндия, Армения, Грузия сияқты мемлекеттердің елшіліктері алдында да өткізілді. Белсенділер бұл бастама әлем бойынша қолдау табады деген үмітте.

Марина Бекенова


Бөлісу